«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№2 түзету мектеп-интернатында есімі республика жұртшылығына жақсы таныс қоғам қайраткері, жерлесіміз Ніл Болатбаевты еске алуға арналған шара өтті. Құрметті қонақ ретінде шақырылған марқұмның ұлы Қадырбек Нілұлы әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін слайдтар мен фильмдер көрсетілді.

Ніл Адғамұлының туған жері – Қа­­рағанды облысы. 1941 жылы ар­мия қатарына алынып, неміс фа­шис­теріне қарсы соғысқа қатысқан. Қанды шайқастардың бірінде ауыр жара­ланады. Ерліктері үшін бірне­ше ор­ден, медальмен марапаттал­ған. Со­ғыстан оралғаннан кейін ең­бек жо­лын Петропавл қаласында пар­тия комитетінің нұсқаушы­лығынан бас­тап, аудандық атқару коми­тетінің төрағасы, аудандық партия ұйы­мының бірінші хатшысы қыз­мет­­терін абыроймен атқарады. Соң­ғы жұмыс орны облыстық атқару ко­ми­тетінің төрағасы лауазымы бол­ды.

– Әкем қай салада жүрсе де, се­нім төрінен көріне білді. Оның ті­келей басшылығымен Қазақстан кинотеатры, басқа да көптеген мә­дени-әлеуметтік нысандар салын­ды. Өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Арда­герлер кеңесіне, ақсақалдар алқа­сына жетекшілік етті, – деген ба­ласы оның есімімен көше аталатынын, ескерткіш тақта орнатылғанын мақ­таныш сезіммен жеткізді.

Қайырбек Нілұлы әке ісін ла­йық­ты жалғастырып келеді. Ол – об­лыстық саламатты өмір салтын қа­лыптастыру орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты. Денсаулық сақтау жүйе­сіндегі көп жылғы еңбегі үшін “Ден­саулық сақтау үздігі” төсбелгісімен мара­пат­талған.

Ирина АГЕЕВА,

география пәнінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp