«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Айыппұл арқалағың келмесе…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өзге өңірлерді қайдам, қызыл­жарлықтардың көбі жаңа жылда үйіне табиғи шырша орнатқанды жақ­сы көретінін аңғару қиын емес. Ме­реке қарсаңында кей дүкендердің алды қылқан жапырақты ағашқа лық толады. Сол шыршаларды сатып ал­ған тұрғындар бір-екі апта өткен соң оларды қайда жіберерлерін білмей дал болады. Өйткені қурай бастай­ды, яғни ағаштың қылқандары суды­рап жерге түседі. Бұған дейін қоқысқа тастап үйреніп қалған жұрт енді аяқ­тарын тартатын сыңайлы. Өйткені тәртіп сақшылары қылқан жапырақ­тыларды қоқысқа тастауға тыйым са­лып, тәртіпті елемегендерге айыппұл арқалатпақшы.

Петропавл қаласының тұрғыны Қадыр Дәулетхан бұл талап тұрғын­дарды тәртіпке бағынуға итермелейді деген ойда. “Қурап қалған шыр­ша­ны амал жоқтықтан қоқысқа тастай­ды. Осы орайда неге жасанды шыр­ша орнатып, межелі уақыттан кейін жинап қоймасқа деген сауал туын­дайды. Келесі жылы да шырша іздеп шаршамайды. Жас ұрпақ та таби­ғатқа жанашырлық танытудың маңы­зын түсініп, обал мен сауапты біліп өсер еді. Жергілікті биліктің оталған шыршаларды аулалардағы қоқыс жәшігіне тастауға тыйым салғанын құптаймын”, – дейді ол.

Полиция тәртіпке бағынбаған­дар­ға жаза қарастырып, табиғи шыршаларды қоқыс жәшігіне тастағандарға 70 мың теңге көлемінде айып­пұл салатынын хабарлады. Жергі­лікті полиция қызметі бөлім бастығы­ның орынбасары Сейілбек Елжасов бұл тұрмыстық қалдықты шығаратын мекеме қызметіне кірмейтіндігін ай­тады. Ал қураған ағашты аулаға тас­тап, абаттандыру ережесін бұзғандарға қатысты Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша жаза қарасты­рылған.

Елімізде қылқан жапырақтыларды кесуге тыйым салынғаны белгілі. Саудагерлер оларды өзге елдерден таситындарын айтады. Әсіресе ор­маны қалың солтүстік көршіміз – Ре­сейден жеткізетіндер көп. Алайда шыршаның көрші елден заңды жол­мен әкелінгені, не өзімізде заңсыз жолмен кесіліп жатқанын ажырату қиын. Елімізге сырттан жыл сайын шамамен он мың дана шырша ағашы кіргізіледі деген дерек бар.

Мамандардың пікірінше, кесілген шыршаның Қазақстанда немесе Ресейде өскенін түрінен ажырата ал­майсыз. Тек тиісті құжаттары арқылы анықтауға болады. Ең бастысы, сатушының сатуға рұқсат қағазы, оның қайда кесілгенін растайтын орман билеті болуы керек. Жер – адам­заттың ортақ мекені. Сондықтан бас­қа елдің ағаштары ғой деп сатып ала беруге де болмайды.

Біздің елде шырша кесуге тыйым салынған. Соған қарамастан бір ай­да 8 заңсыз шырша кесу дерегі анық­талыпты. Үшеуінде кінәлілер белгілі болса, қалғандары бойынша поли­ция тергеу жүргізуде. Кінәлілер анықталса, әрқайсысына 46 мың тең­геден айыппұл салынады. Ал шығын көлемі жүз айлық есептік көрсет­кіш­тен асса, қыллыстық жауапкершілікке тартылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp