«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жұмысқа жұмылдыруда

Диас АЯҒАН

 dias.ayagan@mail.ru

Жұмыссыздар санын азайту мақ­сатында елімізде бірнеше бағ­дарлама іске қосылып, мыңдаған жас пен зейнет жасына таяған жан­дар екі қолға бір күрек тапты. Әсі­ресе жұмыспен қамту орталықта­рына “Жастар тәжірибесі” бағдар­ламасы бойынша еңбек етуге өтініш білдіретіндердің қатары көп. Атал­ған бағдарлама аясында жас ма­ман­­ның жалақысын мемлекет тө­лейді. “Жастар тәжірибесіне” оқу ор­нын аяқтағаннен кейін 3 жыл ішінде жүгі­нуге болады. Бұдан бөлек, тә­жі­рибе жинаймын деушілер үшін “Ал­ғаш­қы жұмыс орны” бағдарламасы да іске қосылған.

– Аталған бағдарламаларға 29 жасқа дейінгі жастар қатысып, 18 ай бойы жұмыс істей алады. Бұдан бө­лек, өткен жылы 425 тұрғын қоғам­дық жұмыстарға тартылып, қаланы абаттандыруға атсалысты. Олар­дың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да болды. Жазғы демалыс кезінде студенттер мен оқушылар­ды да еңбекке баулып, 65 жасқа жұ­мыс берілді. Оларға төленген жа­лақы көлемі 90 мың теңгеден аса­ды. 50 жастан асқан азаматтар бол­са “Күміс жас” арқылы еңбек ету мүм­кіндігіне ие, – дейді қалалық жұмыс­пен қамту орталығының бөлім басшысы Гүлмира Исмаилова.

2022 жылы әлеуметтік жұ­мыс­тарға 78 тұрғын жұмылдырылса, “Жастар тәжірибесінің” шарапатын 200 адам көрген, 10 түлек алғашқы жұмыс орнын тапқан. Бұдан бөлек, тігінші, аспаз, кондитер маман­дықтарын меңгерген 86 адамның 20-сы бүгінде тұрақты табыс тауып, 10-ы өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp