«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Мамандығына адал

Диас АЯҒАН

 dias.ayagan@mail.ru

Ауылдағы ағайынның тұрғылықты жерінен жәрдем таппай, жағдайы нашарлағанда келетін жері – облыстық аурухана. Өңірдегі басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі осы жерден дертіне шипа табады. Облыстық ауруханадағы заманауи қондырғылардың арқасында бұрын ірі қалаларға сабылатын сырқаттар енді керекті ем-домды өзімізде де ала алады. Емдеу мекемесі жыл сайын жас мамандармен толығуда. Мұнда халық саулығы үшін 20-ға жуық бөлімше жұмыс істейді. Солардың ішінде функционалдық диагностика бөлімшесінің орны бөлек. Бөлімшеде түрлі зерттеулер жасалып, адам денсаулығына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі кейіпкеріміз Рауза Оспанова да – осы бөлімдегі білікті мамандардың бірі.

Жоғары санатты дәрігердің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүргеніне 30 жылдан асты. Аталған ауруханаға ол 2012 жылы келген.

– Менің негізгі мамандығым – дәрігер-пульмонолог. Білімді Алматы медицина институтында алдым. Кейін ұзақ жыл Көкшетаудағы облыстық ауруханада дәрігер болдым. Соңғы 10 жылдан астам уақыт бойы облыстық ауруханадағы функционалды диагностика бөлімшесінің жоғары санатты дәрігерімін, – дейді Рауза Ғабдолқызы.

Кейіпкеріміз ұжымында сыйлы маман, отбасында ардақты ана. Ұл мен қыз өсіріп отыр. Қызы Прагада білім қуса, ұлы анасының ізінен еріп, дәрігерлік жолды жалғап, Қарағанды медицина университетінде стамотолог мамандығын меңгеруде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp