«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ТОЗҒАН ЖЕЛІЛЕР ҚАЛАЙ ЖАҢАРТЫЛАДЫ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемле­кет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты халыққа арнаған Жол­дауында монополистердің пайдасын шектеу және инфрақұ­рылым желілерін дамытуға бағытталған инвестициялар ара­сындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап өтті. Сон­дай-ақ Президент “Тарифті инвестицияға айырбастау” жаңа тарифтік саясатына көшу қажеттігін де алға тартқан еді. Об­лыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті осы бағытта қандай жұмыстар атқаруда? Бұл сауалға өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Дамир Тоқта­мысов жауап берді.

Дамир Сабырұлының айтуынша, елімізде электр желілерінің үштен екісі, жылу құбырларының 57 пайы­зы, су құбырларының тең жар­тысы тозған. Бұл мәселелерді шешу­дің бірден-бір жолы монополия нары­ғында “Тарифті инвестицияға айырбастау” саясатын енгізу болып отыр. “Табиғи монополиялар тура­лы” Заңға сәйкес, мемлекеттік рет­теу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.

Облыста монополист ком­па­ния­лар көрсететін коммуналдық қыз­мет түрлерінің бағасы әзірге өзге­ріссіз. Дегенмен өңірдегі жылу, су, электр желілерінің бүгінгі жағдайын ескер­сек, биыл оның құнының өсуі ғажап емес.

– 2022 жылдың қорытындысы бойынша Петропавлдағы коммуналдық желілердің тозығы орта есеппен 65,4 пайызды құрап отыр. Нақтырақ айтсақ, жылу құбырла­рының 72,2 пайызы, су құбырла­ры­ның 61,7 пайызы және элетр желілерінің 81,7 пайызы тозған. Бұл олқылықтарды жою үшін қосымша қаражат қажет. Сол себепті Қа­зақстан Республикасының “Таби­ғи монополиялар туралы” Заңына сәйкес, міндетті коммуналдық тө­лем­дердің көлемі артуы мүмкін. Қыз­мет көрсетуші компаниялар өзде­рінің қарамағындағы жұмысшы­лар­дың жалақысын өсіру үшін де тариф бағасын көтеруге мүдделі, – деді Дамир Тоқтамысов.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, тарифтерді өсірмеудің бірден-бір жолы – коммуналдық қызметтер секторына инвести­ция тарту. Мәселен, Мемлекет басшы­сы ұсынған тарифтік саясат қаржы­ландырудың жаңа тетіктерін тауып, соның есебінен инженерлік инфра­құрылым желілерінің тозу деңгейін төмендетуі ықтимал. Бүгінгі таңда облыстық табиғи монополия­ларды реттеу департаменті жаңа меха­низмдерді қарастырып жатыр.

– Қазіргі уақытта агенттік барлық коммуналдық тарифтердің бағасын 2030 жылға дейін белгілеуді қарас­тырып отыр. Ол үшін, ең алдымен, инвес­тициялық қаражатты барлық тиісті жұмыстарға бөліп есептеу қажет. Барлық іс-шаралар өңір­лердің ерек­шеліктерін ескере оты­рып, кезең-кезеңімен іске асыры­латын болады. Барлық рәсімдер жүргізілгеннен кейін ғана уәкілетті орган мемлекеттік органдармен бір­лесіп тариф­тер мен тарифтік сме­таларды бекі­теді, – деді Дамир Тоқтамысов.

Мемлекет халықтың әлжуаз топтарын қолдау үшін атаулы әлеу­меттік және тұрғын үй көмегін тө­леуде. Мәселен, өткен жылы мұн­дай қолғабыс түрі облыстың 8,5 мың тұрғынына көрсетілді.

Баспасөз мәслихатында “Сев­казэнерго” акционерлік қоғамы жүр­гізетін жөндеу жұмыстары туралы да айтылды. Биыл кәсіпорын бұл мақ­сатқа 7,2 млрд. теңге қаражат қа­растырып отыр. “Қызылжар су” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігі де өз қаражаты есебінен бірақтар мә­селелерді шешуді көздеуде.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp