«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бизнестің дамуын тежейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде құрылыс және жол салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиев пен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев қатысты.

Жиынды ашқан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов бизнесте жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

– Өткен жылы агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 71,6 пайызы сыбайлас жемқорлық бизнестің дамуына теріс әсер ететінін жеткізді. Мәселен, көптеген өкілетті органдар беретін құжаттарды алу кезінде пара беру фактілері орын алуы ықтимал деген байламға келді. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – жергілікті атқарушы билік органдары мен бизнес субъектілері арасында ашық диалог орнату, – деді Айдос Жүнісов.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері мен тәсілдері енгізілді. Осындай құралдардың бірі – комплаенс-қызметтерді құру. Белгілі болғандай, кәсіпкерлердің басым көпшілігі, яғни 77,4 пайызы мұндай механизмді енгізуге әлі дайын емес екен. Десе де ашықтықты қамтамасыз ететін механизмді қолдайтындар да баршылық.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын одан әрі дамыту мақсатында жоғары оқу орындарында комлаенс-офицерлер даярлау жөніндегі тиісті білім беру бағдарламалары енгізілетіні туралы белгілі болды. Солтүстік Қазақстан университетінде бұл жаңа пән тек магистрлік бағдарламада оқитындарға қарастырылған.

Шарада кәсіпкерлер битум, жол құрылысына шарттар жасасу тәртібі және қызметтердің қымбатшылығы мәселелерін көтерді. “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сергей Тимофеев облыс орталығының бас жоспарын бекіту кезінде бизнесмендермен ақылдасу қажеттігіне назар аударды. Жиында мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Анджелика Ганенко бизнес субъектілеріне мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістерді жеткізді.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес саласындағы байланысты арттыру мәселелерінде белсенді ынтымақтастықты жалғастыратындарын айтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp