«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ербол ерледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жерлесіміз Ербол Хамитов ел тарихында парабиатлоннан әлем чемпионатында медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстан­дық атанды.

Пара спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр. Оған дүниежүзінің 18 елінен 102 спортшы қатысуда. Байрақты бәсе­кенің алғашқы күнінде Ербол Ха­митов парабиатлоннан 7,5 км қа­шықтықта сынға түсіп, қола жүл­деге ие болды. Ол екі ату кезеңінде бір рет қана мүлт кетіп, үшінші орынға табан тіреді. Алтын медальді канадалық Кэмерон Коллин жеңіп алса, күміс жүлде АҚШ спортшысы Арон Пикеге бұйырды.

Қазақстан құрамасының сапын­да Ербол Хамитовтен бөлек, тағы 6 спортшы өнер көрсетуде. Александр Герлиц, Денис Петренко, Сергей Усольцев, Юрий Бере­зин, Денис Зинов және Нұрлан Әлімовтер де жүлде алады деген үміт бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp