«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жеңімпаздарға — жолдама

Диас АЯҒАН

 dias.ayagan@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің агротехнология факультеті ірі агро­компаниялармен серіктестік ор­натуды жалғастырып келеді. Жуырда аталмыш оқу орнында ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған препараттарды шығаратын “Август-Қазақстан” се­ріктестігінің мамандары болып, жо­ғары курс студенттеріне арнап дә­ріс оқып, зерттеу жұмыстары бай­қауын өткізді.

Үш күнге созылған шара бары­сында компания мамандары білім алушыларға 10 сағат дәріс оқып, дәнді, майлы дақылдарды зиян­кес­терден қорғау жолдарын түсін­дірді. “Август-Қазақстан” өкілдері агроөнеркәсіпті дамытуда мұндай байланыстардың берері мол екенін айтады. Іс-шаралардың соңғы күні “Өсімдіктерді қорғау­дағы заманауи әдістер” тақыры­бында студенттік жұмыстар байқауы өтті. Оның нәтижесінде үздік деп танылған 7 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталып, Ресейдің Қазан қаласында білім­дерін жетілдіруге жолдама алды. Байқау жеңімпазы Шұғайып Қапаров сарапшылар назарына “Сол­түстік Қазақстан зиянкестері және олармен күресу шаралары” тақы­рыбында өз жұмысын ұсынған.

– Мен бұл сайысқа ұзақ да­йын­далдым. Өз жұмысымды қор­ғау барысында барлық қойылған сұрақтарға толық жауап бердім. Ең­бегім ақталып, жеңімпаз болғаны­ма қуаныштымын. Бас жүлдемен қатар заманауи ноутбукқа да ие болдым, – дейді студент.

Алда “Август-Қазақстан” өкіл­дері байланысты нығайтып, білім ордасының бір аудиториясын толық жабдықтап бермек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp