«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Заңдастырылған көліктер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы маман­дандырылған халыққа қыз­мет көрсету орталығында бір күннің ішінде шетелдік көліктерді заңдастыру үшін 58 адам жүгінді. Қазіргі күні олардың 10-ы рұқсат алып, “темір тұлпарларды” тіркеу мүмкіндігіне ие болды.

Мамандардың айтуынша, ше­телдік көліктеруді тіркеу туралы өтініштерді облыс тұрғындары кез келген халыққа қызмет көр­сету орталығында немесе “e-gov” порталы арқылы жібере алады. Бұдан бөлек, “электрондық үкі­мет­тің” сайтында жабық бокста тексерту үшін алдын ала кезек брондауға болады. Онда крими­налистер агрегаттық нөмірлерді көлік құралын тіркеу туралы куә­лігіндегі мәліметтермен салыс­тырып, автокөлікті криминалдық есептер бойынша тексереді. Егер машина талаптарға сай болса (шетелде есептен шығарылған, ке­дендік тазартудан өткен және т.б.) өтініш берген адам Қазақ­станда тіркелген көліктің заңды иесі болады.

– Тұрғындар арасында түсін­діру жұмыстары белсенді жүргізі­луде. Қызметкерлер жұртшылық­пен кездесіп, БАҚ және әлеумет­тік желілер арқылы сұрақтарға жа­уап берді. Барлық сұрақтар бойынша “t.me/petropavloskban­deros Telegram”-чатында кеңес алуға болады. Өңірімізде ше­телдік тіркеудегі барлығы 7 мыңнан астам автомобиль бар. Бірреттік заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізілетінін айта кеткен жөн, – дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp