«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Суға сегіз жүз мың теңге қарыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық отбасы­ның пай­да­лан­ған су үшін қа­рызы 800 мың тең­ге­ге жет­кен. Олар шамамен 20 жыл­дай пайдаланған су үшін ком­мунал­дық ақы төлемеген. Сумен қам­титын ком­пания соттың шешімімен борыш­кер­лерге қатаң шара қолда­на баста­ды.

“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспасөз қыз­метінің мәліметінше, Петропавл тұр­ғындары сумен қамтушы ком­па­нияға 30 млн. теңгеге жуық қа­рыз. Егер тұ­тынушы екі айдан ар­тық коммунал­дық ақыны төле­месе, ком­пания қыз­мет көрсетуді тоқтатуға құқылы.

“Коммуналдық ақы айына орта­ша 3,5 мың теңге шығады. Біз отба­сына қаншама ескертке­німіз­бен қа­рыздан құтылуға тырыс­пады. Суды пайдаланушыларға қатаң шара қол­данбас бұрын 30 күн бұрын ескертіп, тұ­тынушыға хабарлама жібереміз. Егер осы аралықта қарызды төле­ме­се, сот­тың шешімімен кәріздік құ­бырға бітеуіш салынады. Әдетте мұн­дай шараны берешегі 15 мың тең­ге­ден асып кеткен жағдайда қол­да­намыз. Төлеген жағдайда бі­теуіш­ті ақша төлеп алғызады”, – дейді кә­сіпорынның тұтынушылармен жұ­мыс бойынша бөлім басшысы Нұргүл Самалықова.

Мамандардың айтуынша, бі­теуіш қойғаннан кейін ғана тұр­ғындар қарыздан құтылуға тыры­сады екен. Ал жалпы Петропавлда қазір 500-ден астам абонент қасақана төлемеуші ретінде сумен қамтитын ком­панияның есебінде тұр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp