Облыс полицейлері “Өрмек” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның аясында Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесіліп, “тұз” деген атпен белгілі “α-PvP” синтетикалық есірткісінің ірі көлемі тәркіленді. Мұны растау және нақты салмақты анықтау үшін сараптама жүргізіледі. Сондай-ақ полицейлер есірткі жеткізуші курьерді ұстағанын хабарлады. Одан синтетикалық есірткінің 50 түйіншегі тәркіленгенінін айта кеткен жөн.
– Бұдан бөлек, облыста іс-шара өткен уақытта есірткінің заңсыз айналымына қатысты 14 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Іс-шараны өткізген кезде есірткіні жеткізу арналарын анықтауға, синтетикалық психоактивті заттарды өткізуді ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеуге ерекше назар аударылды, – дейді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.