«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тәркіленген түйіншектер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері “Өрмек” же­дел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның аясында Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесіліп, “тұз” деген атпен белгілі “α-PvP” син­тетикалық есірткісінің ірі көлемі тәр­кіленді. Мұны растау және нақты сал­мақты анықтау үшін сараптама жүргі­зіледі. Сондай-ақ полицейлер есірткі жеткізуші курьерді ұстағанын хабарлады. Одан синтетикалық есірткінің 50 түйіншегі тәркіленге­нінін айта кеткен жөн.

– Бұдан бөлек, облыста іс-шара өт­кен уақытта есірткінің заңсыз ай­налымына қатысты 14 қылмыстық құ­қық бұзушылық анықталып, жолы ке­сілді. Іс-шараны өткізген кезде есірт­кіні жеткізу арналарын анықтауға, синтетикалық психоактивті заттарды өткізуді ұйымдастырумен айналыса­тын қылмыстық топтарды әшкерелеуге ерекше назар аударылды, – дейді облыстық полиция департа­менті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp