АУЫЗСУ ҚҰБЫРЫ БИЫЛ ТАРТЫЛАДЫ
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізді. Ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Осы жолы өңір басшысының жеке қабылдауына ауыл тұрғындары жазылыпты. Айыртау ауданындағы Шалқар елді мекенінің тұрғыны Ермек Жарахметовтің айтуынша, жыл өткен сайын шалғайда жатқан курорттық аймақтың жағдайы түзеліп, күннен-күнге көркейіп келеді. Десе де онда тұратын ағайын таза ауызсуға зәру. – …