«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕҢЕС КЕРЕК ПЕ, КЕҢСЕГЕ КЕЛ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде “Жастарға кеңес” кеңсесі ашылды. Кеңседе 19 бен 35 жас аралығындағы азаматтар өзде­рін толғандырған сауалдарға жауап алу үшін кәсіби мамандар­дың көме­гіне жүгіне алады. Жыл басынан бері кеңсе мамандары­ның көмегін 50-ге жуық тұрғын алыпты. Олар баспана, жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдар­ла­маларға қатысты сауалдар қойған.

Кеңседе қабылдау өткізетін­дер­дің қатарында кәсіби заңгерлер мен мемлекеттік мекемелер мен жас­тар ұйымдарының өкілдері бар. Аталған жоба “Жастар рухы” жас­тар қанаты­ның ұйытқы болуымен жүзеге асып отыр. 2020 жылы “Жас­тарға кеңес” деген атпен іске қосылған бағдарла­маға биыл өзгерістер еніп, осындай кеңселер ашылуда.

Болашақта жеке кәсіп ашуды көз­деп отырған Галина Бабушкина мем­лекеттен қандай бағдарла­ма­лар бо­йынша жеңілдетілген несие алуға бо­латынын білгісі келіпті.

– Жуырда кеңседе “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілімен кездестім. Қазір қандай кәсіп түр­лері сұранысқа ие, жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грантты алудың жолдары қандай деген сияқты са­уалдарға жауап алдым, – дейді ол.

Аталмыш кеңсеге кез келген жас келіп, қолдау таба алады. Ондағы мо­биль­­дік топ тек облыс орталығы­мен ғана шекте­ліп қалмай ауыл­дарға барып, елді мекен тұрғын­да­ры­ның да сұрақта­рына жауап бер­мек.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp