Табан тірер тұрағымыз
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ауылды қазақсыз, қазақты ауылсыз елестету қиын. Қанша жерден кеуде керіп, қала тұрмысына дағдыландық дегенімізбен кіндігіміз туған жердің топырағына байлаулы тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Мен Мамлют ауданындағы Токаревка ауылында туып, сонда мектеп бітірдім, Омбының мал дәрігерлік институтын тамамдадым. Жеке шаруашылықпен айналысқаныма жиырма жылдан асты. Бүгінгі таңда “Хуландой” және “БОРЗ” жеке …