«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Актерлік шеберлік мектебі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қысқаметражды фильм түсіруден өңірімізге белгілі әуесқой режиссер Дамир Мәкімкенов балаларға арналған актерлік шебер­лік мектебін ашпақшы. Дәрістерді Петропавлдағы орыс және қазақ драма театрларының кәсіби әртістері жүргізбек. Бұл игі бас­таманы Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сара Алдаева да қолдады.

Мектеп ашу идеясы жақында пай­да болған. Өйткені оның фильм­деріне кастинг жүргізу барысында көптеген мектеп оқушылары театр мен кино өнерін игеруге ықылас та­нытыпты. Қазір тәжірибелері болмаға­нымен болашақта кәсіби маман­дардың көмегімен қабілеттері ашылып, шешендік өнер, сахналық сөй­леу тілі, қимыл-қозғалыстары жетіле түсетін болады.

– Барлық актерлер балалармен жұмыс істеуге келісімдерін беріп отыр. Сабақтар қазақ және орыс топ­тарына бір жарым сағаттан аптасы­на 2-3 рет өтетін болады. Әр топта орта есеппен 10 адамнан болады, – дейді Дамир Мәкімкенов.

Көрермен залы және дайындық өткізетін жеке кабинет те жасақта­лыпты. Сонымен қатар Дамир Мәкім­кенов өз тарапынан мерекелік іс-шараларды жастардың қатысуымен өтетін театрлық қойылымдармен то­лықтырмақшы. Қазір актерлік ше­берлік мектебіне 2-11 сынып оқу­шыларын қабылдау жүріп жатыр.

Дина МҰРАТ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp