«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елордалық өнерпаздар тартуы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның сахна­сында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры “GAME EVOLUTION VOL.2” атты концерт қойды.

Астаналық өнерпаздар теріскей­дің өнерсүйер қауымын ерекше әуендерімен тамсандырды. Концерттік бағдарлама 1990 жылдардан бүгінгі уақыт аралығында жарыққа шыққан танымал компьютерлік ойын саундтректерінен тұрады. Әуесқой ойыншылар әдеттегідей монитор алдындағы креслода емес, концерт залында отырып, таныс әуендерді тыңдай алды.

Әсерлі кеште жастарға жақсы таныс “Dota-2”, “Sonic”, “PUBG”, “Ori and the blind forest”, “Street fighter”, “Assassin’s Creed 2”, “Undertale”, “The last of Us”, “Doom 2”, “GTА” ойындарынан танымал әуендер хор мен оркестр үшін арнайы жазылған әдеттен тыс аранжировкада орын­далды.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі­нің айтуынша, компьютерлік ойын­дардың әуенін адам оңай қабылдай­ды. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Елордалық шығармашылық ұжым Петропавлға алғаш рет ке­ліп отыр. Олардың өнерін солтүстік­қазақстандықтар ерекше ықыласпен тыңдады.

Қос ұжым Қызылжарға мамыр айында тағы бір рет келмек. Онда ел­ордалық меймандар солтүстікқазақ­стандықтарға су жаңа бағдарлама ұсынбақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp