«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адам атқан аңшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы жазда Жамбыл ау­данында жидек теріп жүрген әйелді аң екен деп абайсызда атып өлтір­ген азаматқа қатысты сот аяқталды. Кү­дікті ретінде қамауға алынған аңшы Сергей Лосеня үш жылға сот­талды.

Өткен жылы маусымның 11-і күні Сергей Лосеня ауыл арасындағы жолмен Бауман стансасына бармақ болады. Орманның бауырында жи­дек теріп жүрген әйелді елік екен деп ойлап, қолындағы мылтығымен ата­ды. Әйел иығынан жараланып, кейін сол жарақатынан қайтыс болды. Осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен учаскелік инспектор да қамауға алынғанды.

Аталған қылмыстық іс сотта қа­ралып, кінәлі деп танылған Сергей Лосеня жауапқа тартылды. Мамлют ау­дандық соты аталған оқиғаны абай­сызда адам өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз са­тып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру баптары бойынша қарады.

Ер адам оптикалық көздеуіші бар аңшылық қаруды және 5,6 мм ка­либрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтап келген. Сотталу­шының кінәсін куәгерлер де растады, жиналған материалдар арқылы да толық дәлелденді.

Прокурор ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұра­ған. Сот үкім шығарарда айыпталушының ісі­не шын өкінетінін ескерді. Судья қылмыс абайсызда жасалғанын ескере отырып, Сергей Лосеняны 3 жылға бас бос­тандығы­нан айырды. Сондай-ақ сот­талған ер адам зардап шеккен та­рапқа 3 млн. теңге көлемінде мо­ральдық шығын­ның орнын толтыруы қажет. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp