Облысымызда шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Акция басталғаннан бері Петропавл қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 2652 өтініш келіп түскен. Бүгінгі таңда 743 адам өтініш берген. Криминалистердің тексеруінен 412 автокөлік өтіп, қазіргі уақытта қазақстандық мемлекеттік нөмірлерді 331 адам алды.
– Келіп түскен өтініштердің 386-сы кедендік тазарту бойынша түзетулер енгізу үшін Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетіне жіберілді, оның ішінде 91 адам оң жауап алды. Тіркеу жұмыстары еш қарбалассыз жүргізілуде, заңдастыру рәсімі туралы тұрғындарға уақтылы хабарлануда, – дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
Полиция қызметкерлері “Telegram-чатта” жұмыс уақытында процессингтік орталықтың 8(7152) 32-00-19, 32-00-22 телефондары бойынша кеңес береді, олар әр жағдайды жекелей қарастырып, шешімін табуға көмектеседі. Бір апта ішінде 200-ден астам адам кеңес алды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.