«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарықсыз қалған жылыжай

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Өткен жылдың қараша айынан бастап Қызылжар аудандық сәулет бөлімі жылыжайды электр энергиясына қосуға ке­дергі жасап келген. Мәселенің аныққанығын білу мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет сыртқы талдау жүргізді.

Биыл қаңтардың 24-і күні кәсіпкер облыстық сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызметке келіп, жергі­лік­ті атқарушы органның іс-әрекетіне шағым түсірген болатын. Сы­байлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жеке кә­сіпкердің коммерциялық нысанын электрмен жабдықтау желісіне қосу кезінде әкімшілік кедергілер жасал­ғаны анықталды.

– Жемқорлыққа қарсы қызмет ма­мандары аудандық сәулет бөлімінің басшысымен кездесті. Желіге қо­сы­лу­дан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды. Қазіргі уа­қытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілді, – деп хабарлады об­лыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметі.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp