Диас Аяған
Өткен жылдың қараша айынан бастап Қызылжар аудандық сәулет бөлімі жылыжайды электр энергиясына қосуға кедергі жасап келген. Мәселенің аныққанығын білу мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыртқы талдау жүргізді.
Биыл қаңтардың 24-і күні кәсіпкер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келіп, жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне шағым түсірген болатын. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жеке кәсіпкердің коммерциялық нысанын электрмен жабдықтау желісіне қосу кезінде әкімшілік кедергілер жасалғаны анықталды.
– Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары аудандық сәулет бөлімінің басшысымен кездесті. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды. Қазіргі уақытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілді, – деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметі.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.