«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тартысты ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында солтүстікқазақ­стандық “Qulager” клубы өз мұз айдынында елордалық “No­mad” командасын қабылдады. Бірінші ойында жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетсе, қарымта кездесуде астаналық ұжым­ның жолы болды.

Бірінші ойынның алғашқы ми­нут­тарынан бастап жергілікті хок­кейшілер ойын тізгінін өз қолдары­на алып, есеп ашты. Шайба авторы – Кирилл Старцев. Кейін елордалықтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, одан еш нәтиже шы­ғара алмады. Тек кездесудің екін­ші бөлігінде дегендеріне жетті. “No­mad” клубы сапынан Батырлан Мұ­ратов көзге түсті. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда солтүстікқазақ­стан­дықтар тағы бір нәтижелі соққы жасап үлгерді. Бұл жолы Ярислов Хрипков мергендік танытты. Шешу­ші кезеңде қос команда хоккейші­лері қанша шабуылдағанмен қақ­паның кілтін таба алмады. Қоры­тынды есеп – 2:1.

Қарымта ойында “Nomad” клу­бы есе қайтарды, екінші минутта Олег Бойко есеп ашты. Көп ұзамай қонақтар тағы бір нәтижелі соққы жа­сады. Үзілістен соң петропавлдық команда сапынан Кирилл Казаков көзге түсті. Артынша астаналық хок­кейшілер Олег Бойко мен Мәди Ди­хан бір-бірден шайба соқты. Үшінші бөлімде солтүстікқазақстандықтар бір шайбамен ғана жауап бере алады. 2:4 есебімен астаналықтар жеңіске жетті.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp