«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шағын бизнес өкілдерінің шағымы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Партияның сайлауалды бағдарламасына енгізу үшін өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары жинастырылуда. Осы мақсатты көздеген “AMANAT” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавлдағы “Дария” базарына барып, шағын бизнес өкілдерімен кездесті.

Базарда негізінен күнделікті қажетті тауарлар, жеміс-көкөніс пен ет өнімдері сатылады.

– Бізде сатылым деңгейі төмендеді, тұрақты сатып алушылардың қатары сиреді. Мұның бір себебі, өңіріміздегі еңбекақының төмендігі деп ойлаймыз. Соңғы кездері тауарды сатып алу құны және сәйкесінше бөлшек сауда бағасы да қымбаттап кетті, – дейді сатушы Алёна Семенищева.

Қала тұрғындары комиссия өкілдеріне шағын бизнесті дамытудың проблемалық мәселелерін де айтты. Олар ірі сауда компанияларымен бәсекелесу мүмкіндігінің жоқтығына алаңдайды. Шағын және орта бизнес өкілдері ірі сауда нүктелері сияқты жеңілдіктер жасай алмағандықтан, тұтынушылар тұрақтамайтын көрінеді.

– Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша барлық өтініштер “AMANAT” партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне сайлауалды бағдарламаға тиісті индикаторларды енгізу үшін ұсынылатын болады. Біз солтүстікқазақстандықтардың ұсыныстарының осы құжатта көрініс табуын қалаймыз, – деді партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Александр Зель.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp