«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лайықты бәсеке керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіпкерлер палатасы жанынан машина жасаушылар комитеті құры­лып, бірінші отырысында өнеркәсіп саласына қатысты проблемалар тал­қыланды. Ұйым төрайымы, “Қазтех­маш” зауытының директоры Елена Дорош комитетке “Көпбейінді жаб­дықтар”, “Киров” атындағы, “Петро­павл ауыр машина жасау”, “Изолит”, “Мұнаймаш”, “ЗИКСТО”, “Авагро”, “Cool Infinity” және тағы басқа кәсіп­орындар біріккенін, бизнес-қоғамдастықтың мақсаты мәселелерді бірле­сіп шешу, мемлекеттік билік органда­рымен тиімді өзара іс-қимылды жан­дандыру болып табылатынын атап өтті. Бұдан бөлек, бизнес құқықтарын қорғау, саланы дамыту бойынша ұсы­ныстар әзірлеу, кәсіпкерлердің құзы­рет­тілігін арттыру, өңіраралық байла­ныстарды нығайту бағытында да ке­шенді шаралар атқарылатын бо­лады.

Отырыста сөз алған “Нукер” кор­порациясының өкілі Зарина Геркулес өнімдер мен тауарларды орналас­ты­руда, сатып алуда заң талаптарына лайықсыз бәсекелестіктерге жол бері­летінін жеткізді. “Үшінші елдердің ескірген патенттерін пайдалана оты­рып, өнімнің сызбаларына иелік ету тыйылмай тұр. Олар іс жүзінде осы өнімді әзірлеушілер де, өндірушілер де болып табылмайды. Әдетте, дайын өнімді Қытайдан сатып алады, содан кейін оған өз таңба-белгісін қойып, бағасын белгілейді. Ал сапа­сы көңіл көншітпейді”, – деген ол ішкі және сыртқы жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізу, зият­керлік меншік объектісінің құжаты болу қажеттігін алға тартты.

Еуразиялық патент тек өнерта­бысқа, пайдалы модельдер мен өнер­­кә­сіптік үлгілерге берілетінін, өкінішке қарай, патент иесі ешкімнің құқығын бұзбайтынына 100 пайыз ке­пілдік берілетінін ескере бермейді. Дәл осы санаттағылар қайта сатып алу­шылар ретінде адал бәсекелестік танытудың орнына пайданы бірінші орынға қояды.

Алқалы басқосуға қатысушылар уақытша шаралармен түйткілдерді ше­шуге болмайтынын, сондықтан ай­тылған ұсыныс-пікірлерді жинақтап, республикалық деңгейдегі ведомст­волар назарына ұсынуға уағдаласты.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp