«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңдылықты сақтау – бұлжымас талап

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының базасында по­лиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөнін­дегі орынбасарлары үшін республи­калық оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі басталды. Алқалы жиынды ашқан Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы, полиция ге­нерал-майоры Оңал Бекиев қатысу­шыларға және ұйымдастырушылар­ға нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі.

Сол күні Оңал Бекиев облыстық полиция департаментінің басшылы­ғымен және жеке құрамымен кез­десті. Ішкі істер министрлігі аппа­ратының басшысы полицейлерге қызметті ұйымдастыруға, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауға қатысты негізгі талаптарды жеткізді, сондай-ақ 2024-2028 жылдарға арналған қоғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әзірленіп жатқан тұжырымдамасы­ның мәні туралы хабардар етті.

Бір апта ішінде Ұлттық ұлан ака­демиясында өтетін оқу-әдістемелік жиындар аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция қызмет­кер­лері тренингтерге, семинарларға қа­тысады, дәрістер тыңдай­ды, саптық дайындықтан өтеді. Бұғ­ан дейін осындай курстар 16-21 қаң­тар аралығында өтіп, олардың қорытынды­сы бо­йынша жүзден астам полиция қыз­меткері сертификат алған бола­тын.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp