ҒҰМЫРЫН ҒИБРАТПЕН ӨРГЕН
Қай жазушының өмірбаянын алып қарамайық, олардың барлығының әдебиеттегі дара жолын өлең жазудан бастағанын аңғарамыз. Проза мен поэзияны қос қанатына айналдырып, шығармашылықтың көгінде қырандай қалықтаған қаламгерлеріміз аз емес. Кезінде жазушы Ғабдол Сланов “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланған мақаласында бір топ жас талапкердің тырнақалды туындыларын талдап, аяқ алысына баға берген. Солардың қатарында жерлесіміз Ермек Қонарбаевтың да есімі аталады. …