«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сирек мамандық иесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Асхат Баймұратов – №2 Петропавл жылу электр орталығындағы мақтаулы мамандардың бірі. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін бітіріп, бірден осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан. Содан бері 14 жылға жуық уақыт бір орында тапжылмастан еңбек етіп келеді.

Бастапқыда жас маман автоматиканы және электр станцияның өлшегіш құралдарын жөндеп, қызмет көрсететін электр слесарі ретінде тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыда әбден шыңдалған соң, өндірістің басқару жүйесін автоматтандыру инженері қызметіне жоғарылатылды. Бүгінде оның құзыретіне автоматты жүйені жобалау және енгізу, жекелеген кезеңдер бойынша техникалық жағынан дайындау, жобаларды іске қосу, автоматтандырылған басқару жүйесіне арналған технологиялық схемаларды талдау міндеттері кіреді.

“Бұл саладағы жұмыс өтілім көп емес. Соған қарамастан әріптестерімнен үйрене отырып, кәсіби шеберлігімді жетілдіруге ұмтылдым. Өйткені жұмысымның өзіндік ерекшеліктері үнемі іденуді, жаңалықтарды меңгеруді қажет етеді”, – дейді өз тағдырын облыс тұрғындарын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз кәсіпорынмен байланыстырған Асхат Ақылбайұлы.

Суретте: автоматтандыру инженері Асхат Баймұратов.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp