«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоқыс маңындағы қаңғыбастар қылмыскерлер боп жүрмесін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда полиция қызмет­керлері тұрғылықты мекенжайы жоқ жандарды анықтауға және тек­серуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Жылу құ­бырлары, кәріздік құдықтар, жер­төлелер. Қабылдау-тарату орны­ның қаңғыбастарды жинау тобы үй-күйсіз жүрген адамдар болуы мүм­кін осындай орындарды күн сайын тексереді. Полиция қызметкерле­ріне қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, оқыс оқиғалардың алды­н алу міндеті жүктелген.

Қаңғыбастарды жинау тобы бас­панасыз жүргендерді ең алдымен қабылдау-тарату орнына жеткізеді. Бұл жерде олар барлық есептер мен бағдарлар бойынша тексері­леді, қажетті көмек көрсетіледі. Бұ­дан кейін олар Жұмысшы кентінің шет жағында орналасқан түнгі тү­неу орнына апарылады. Мұнда олар жылы бөлмеде түнеп шыға алады.

Жыл басынан қабылдау-тарату орнына алпыстан астам адам жет­кізілді. Соттың санкциясымен 15 адам орналастырылған. Қолда бар есептердің көмегімен бұрын сот­тал­ған 5 адам анықталды.

Болат БАЙМАҚАНОВ,

Петропавл қалалық полиция басқармасы құрамындағы қабылдау-тарату орнының бастығы, полиция майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp