«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ең үздік ұжым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы өткізген “Жаңа әлеуметтік келісім: әділ еңбек қатынастары” республикалық әлеуметтік әріптестер форумында конкурс қорытындысы жария етіліп, жеңімпаздар марапатталды. Петропавлдағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығының кәсіподақ ұйымы “Үздік ұжымдық шарт” аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасап, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, екі тарап арасындағы мәселелерді ұтымды мәмілелер арқылы шешу, жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін қолданыстағы заң нормалары арқылы реттеу талаптары қойылған байқауға Әзірбайжан, Молдова, Түркия елдерінен, Халықаралық еңбекті ұйымдастыру және кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясы, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен “Парыз” республикалық жұмыс берушілер бірлестігінің өкілдері қатысқанын ескерсек, бұл шараның мән-маңызының айрықша болғанын аңғарамыз.

Былтырғы жыл кәсіподақ федерациясында “Әлеуметтік әріптестік” жылы ретінде аталып, оның аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жиында еліміздің барлық аймағынан келген кәсіподақ ұйымдарының мамандары тәжірибе алмасты.

“Ұжымдық шарт жасағанның ұтары көп. Бұл маңызды құжат ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі”, – дейді Петропавлдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанындағы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Елена Шляхина.

Республикалық байқауда үздік атанған кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Кез келген бастама кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен қолдау тауып отырады. Келісімшарт бойынша зейнетке шығатын жұмысшыларға міндетті түрде өтемақы төлеу келісімшартта жазылған. Мемлекеттік мекеме болғандықтан, жұмсалатын әр қаражат есептеліп, жұмысшы-қызметкерлердің мүддесін қорғауға, олардың өмір сапасына баса назар аударылады. Бұдан бөлек, еңбеккерлердің жұмысқа деген ынталарын арттыру үшін сыйақы да қарастырылған.

Баян РАХЫМБАЕВА,

облыстық кәсіподақтар орталығының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp