«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Вагоннан шыққан өрт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2023 жылғы 3 ақпан күні сағат 21:57-де Қарағанды облысының “Ар­шалы – Анар” темір жол учаскесінде техникалық вагоннан өрт шықты. Соның салдарынан №105/106 “Пет­ропавл – Алматы” пойызының қозға­лысы тоқтатылды. Пойызда 235 жо­лаушы болған.

“Өрт сөндірілді және құрбан бол­ғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Жолаушыларды Ал­матыға жет­кі­зу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарт вагоннан тұратын пойыз жіберілді, құрылған арнайы ко­миссия оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті. Жолау­шыларға жүк және темір жолмен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидала­рына сәйкес, белгіленген тәртіп­пен жол жүру құнының айыр­масы тө­ленеді”, – деп хабарлады “Қазақстан темір жолы” ұлттық ком­паниясының баспасөз қызметі.

Дәулет ІЗТІЛЕУ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp