«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ресейден келген миссионерлер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкер­ле­рі Ресей Федерациясының екі аза­мат­ы жүзеге асырған заңсыз діни қыз­метті тоқтатты. Олардың Қазақстан­да тіркелмеген діни ұйымның ізба­сарлары екені анықталды. 2022 жыл­дан бастап Петропавл қаласының бір­неше тұрғынын өз ұйымдарына тар­тып, “жанның тазаруы болады” деп уәде берген. Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер ар­қы­лы тартқан 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел Я.Гашек көше­сіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің 489-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясына сәй­кес бұл үшін елу айлық есептiк көр­сеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көз­делген. Бұл ұйым Ресей Федерация­сында да тоталитарлық деп таны­лып, бүкіл аумағында оның әрекетіне тыйым салынған. Қазіргі уақытта құ­қық бұзушылардың заңсыз әрекет­терін одан әрі тексеру жүргізілуде.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp