«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіркемедегі мылтық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында “Қауіпсіз апта” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізі­луде. Учаскелік полиция инспек­тор­лары барлық бағыттар бойын­ша жұ­мысты жандандырды. Оның мақса­ты қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, қылмыстың алдын алу болып табы­лады.

Қызылжар ауданында жүргізіл­ген рейдтік іс-шара барысында Со­коловка ауылындағы поселкелік по­лиция бөлімшесінің қызметкерлері мотосүйрегішті жүргізіп келе жат­қан 37 жастағы жергілікті тұрғынды тек­серу үшін тоқтатқан. Тіркемеден 16-шы калибрлі тіркелмеген қос ұңғылы мылтық табылды. Ауыл тұр­ғынының айтуынша, мылтықты күзде даладан тауып алып, қараусыз қалған бос үйде сақтаған. Бұл жолы мылтықты үйіне алып келмек бол­ған. Тәркілен­ген мылтық сарапта­маға жіберіледі. Өткен жылы да осы азаматтан тіркел­меген тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген бола­тын. Бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін артады.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp