«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қылмыстардың жолын кеседі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Патрульдік полиция батальоны­ның қызметкерлері тәулік бойы көптеген міндеттерді орындайды. Олар қызметтеріне кірісетін уақыттан бас­тап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете­ді, қоғамдық тәртіпті сақтайды. Сондай-ақ олар тұрғындардың қоңырау­ларына ден қойып, шаралар қабылдайды, қоғамдық орындардағы қыл­мыс­тардың жолын кеседі.

Мұндай қылмыстардың басым бөлігі сауда орындарында жасалады. Жыл басынан осындай 23 факті тіркелді. Қаңтар айында Петропавлдың қоғамдық орындарында 43 қылмыс жасалып, оның 39-ы патрульдік полицейлердің қатысуымен ашыл­ды. Тұрақты профилактикалық жұмыс көшедегі қылмыстың айтарлықтай төмендеуіне көмектесті.

Полицейлердің сенімді құралы – омырауға тағылатын бейнежетондар мен көліктегі бейнетіркеу құрылғыла­ры, олардың көмегімен 878 әкімші­лік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіні – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу немесе мас күйде жүру. Мұндай 137 факті тіркелді.

Патрульдік полиция батальоны­ның негізгі міндеті – жол қозғалысы қауіп­сіздігін нығайту. Жыл басынан облыс орталығының көшелерінде 17 мас жүргізуші тоқтатылды. Жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының ең көп тарағаны – қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған арнайы орындықтарды пайдаланбау, бұл үшін 161 жүргізуші жауапқа тартыл­ды. Тағы 103 адамға көлік жүргізу ке­зінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp