«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМ НҰРЫН ШАШҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көпбейінді аурухананың кардиологиялық орталығының материалдық-техникалық базасы күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 3 мыңға жуық сырқат қаралып, дәрігерлер мыңнан астам, ал тәулігіне орта есеппен 20 шақты түрлі ота жасайды. Орталық дәрігерлері ашық жүрекке коронарлық шунттау, жүрек қақпақшасын ауыстыру, тамырларды кеңейту сияқты ота жасау тәсілдерін меңгерген.

Ота жасау кезінде дәрігерлерден бөлек, медбикелердің де көмегі зор. Кардиологиялық орталықтағы білікті мамандардың бірі – аға медбике Айсұлу Исағұлова. Ол 1966 жылы Шал ақын ауданына қарасты Астаған ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Петропавл медициналық училищесіне оқуға түсіп, 1986 жылы тамамдайды. Сол жылы бірден №2 қалалық ауруханаға жұмысқа орналасады. Содан бері 37 жыл бір орында тапжылмастан еңбек етіп келеді. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, түрлі марапаттарға ие болып жүр. Соның бірі – “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төсбелгісі.

Айсұлу Сәлменқызының айтуынша, оның медицина саласын таңдауы кездейсоқтық емес. Анасының сырқатын емдеймін деген ниетпен тағдырын медицинамен байланыстырған. Алайда адамның ойлағаны емес, Алланың маңдайға жазғаны болады. Қызы оқуын тамамдағанша анасы өмірден озып кеткен екен.

Кейіпкеріміз – ұжымында сыйлы маман, отбасында ардақты ана. Жолдасымен бірге екі ұл тәрбиелеп өсірген. Үлкен ұлынан немере сүйіп отыр. Кішісі анасының жолын қуып, дәрігер мамандығын таңдаған. Бүгінде Астанада еңбек етіп жүр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp