«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Өмір Есқали

 u_shalabaeva@mail.ru

Қызылжар ауданы бойынша 19 ауылдық округтің үшеуінде әкімдер баламалы жолмен сайланды. Рассвет ауылдық огругінде 1400-ден астам адам тұрады. Тізімдегі сайлаушылардың 95 пайызы мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. №305 сайлау учаскесінің төрағасы Дмитрий Гончариктің айтуынша, әкімдік лауазымға 3 үміткер ұсынылған. Бәрі де – “Amanat” партиясының мүшелері, екеуі – өзін-өзі ұсынғандар. Бұған дейін осы округ әкімі болып 4 жыл қызмет еткен Абай Шайменовтің кадидатурасын көпшілік қолдаған.

“Медициналық штатты кеңейту қажет. Ауыл тұрғындарына жалғыз қызмет көрсету қиын. “Жедел жәрдем” көлігі де жоқ. Осы мәселелер шешімін табады деген үміттемін”, – дейді фельдшер Құрмет Мұхаметәли. Жастар жағы Мәдениет үйін болмаса спорт кешенін салу мәселесін шешсе деген өтініш айтады.

Бұған дейін аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып келген Жәнібек Мұхамадиев Лесной, ал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде бас маман болған Абзал Болатбеков Петерфельд ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp