«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әрбір азаматтың міндеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатына сәйкес, сондай-ақ оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымның жауапты тұлғаларына түсіндіру, ақпараттық және оқыту сипатындағы тұрақты жұмыс ұйымдастыруда. 2022 жылы осы мақсатта 269 іс-шара өткізілді, оның ішінде: әлеуметтік желілерде 111 материал және өңірлік бұқаралық ақпарат құралында 1 жарияланым жарық көрді. Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша он төрт “дөңгелек үстел”, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша отыздан астам әңгімелесу өткізілді. Аурулардың алдын алу мәселелері бойынша жануарлар мен кәсіпорындардың иелеріне төрт мыңға жуық буклеттер мен жадынамалар таратылды. Аумақтық инспекциялар былтыр және үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде 5763 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерінде халықты ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары барысында 70 материал орналастырылды, оның ішінде:

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жарияланым циклінде аудандық газеттерде 8 мақала жарияланды;

“facebook” әлеуметтік желісінде 62 жарияланым бар;

“Antikor Live” жобасы аясында мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінде ветеринарлық-санитариялық қорытынды беру ережесі тақырыбында бір бейнетаспа әзірленді;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады. 2022 жылғы талдау қорытындысы бойынша 10 ұсыным әзірленді, оның 8-і анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін ветеринарлық бақылау комитетіне жіберілді. Сонымен қатар облыстық аумақтық инспекция басшысы “Antikor-live” және “Adalkomek” аясында “facebook” әлеуметтік желісінде тікелей эфирде сөз сөйледі.

Облыстық инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілі тұрақты негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді. Биылғы жыл басынан бері әдеп жөніндегі уәкіл Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша аудандық инспекциялар мен ветеринарлық бақылау бекеттеріне 11 рет барды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін аудандық аумақтық инспекция басшыларымен және қалалық аумақтық инспекция қызметкерлерімен Петропавл қаласындағы ЕС-164/1 түзеу колониясына экскурсия ұйымдастырылды.

Оразбек БАТЫРБЕКОВ,

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp