«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талқыланатын тұжырымдама жобасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Қоғам белсенділері 2022 жылғы жұмысты қорытындылады, жаңа құрамға дауыс берді, сондай-ақ ойын-сауық орындарында қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдулдинов консультативтік-кеңесші орган жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қоғам белсенділері ведомствоның барлық маңызды іс-шараларына белсене қатысатынын атап өтті. Оның мүшелерінің қатысуымен ауқымды отырыстар өткізу биылғы жылға да жоспарланған. Қоғам белсенділерінің еңбегін жоғары бағалаған облыстық полиция басшысы Жасұлан Ахметовке, Арман Бердағұловқа, Павел Афанасьевке, Ерлан Тоқшылыққа және Зәуре Жұмалиеваға Алғыс хаттарды табыс етті. Отырыс шеңберінде ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды. Консультативтік-кеңесші орган төрағасы болып келесі үш жылға бірауыздан Жасұлан Ахметов қайтадан сайланды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Григорий Тыш ойын-сауық орындарында жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы баяндама жасады. Жасалған қылмыстардың жартысынан көбі – ұрлық пен бұзақылық. Қаңтар айында ойын-сауық орындарында алты ұрлық жасалды. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жібергені үшін тәуліктің түнгі уақытында мекеменің бір иесі жауапқа тартылды. Проблемалық мәселелерді сындарлы шешу үшін отырысқа Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Рауан Әубәкіров және “Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы” ҚБ-ның төрағасы Сайран Хамзин шақырылды. Соның нәтижесінде полицияға ойын-сауық мекемелерінің иелерімен жергілікті атқарушы органдардың шақыруымен осы нысандарға “Білікті күзет” пен “Бейнебақылау камераларын тарту” тақырыбы бойынша кездесу өткізу ұсынылды.

Отырыс барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәуле Андағұлова қоғаммен әріптестікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының 2024-2028 жылдарға арналған негізгі басымдықтары туралы баяндама жасады, ол талқылауға ұсынылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp