«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білім ордаларын бақылау күшейтілмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте өткен жедел кеңес отырысында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров 2019 жылмен салыстырғанда тұрақтандыру қорының айналым қаражаты 300 миллион теңгеден 3,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті. Бірақ 37 сауда орны ғана тартылып отыр.

Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, сауда нүктелерін көбейтіп, бірінші қажетті азық-түлік өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді, сондай-ақ қарақұмықтың егіс алқабын үш есеге дейін ұлғайтып, дәнді дақылдарды өңдейтін кәсіпорындар ашуды тапсырды.

Кеңесте тұрғындардың табысын өсіру мәселелері де талқыланды.

Өңір басшысы бірінші жартыжылдықта зауыттардағы бос жұмыс орындарын азайтуды тиісті орындарға жүктеді. Қазір дәнекерлеушілер мен токарьлар жетіспейді. Құрылыс саласында да мамандар тапшы. Тас қалаушыларды қайта даярлау үшін қысқамерзімді курстар ашу қажет.

Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы №4 мектепте орын алған оқыс жағдайдан кейін бақылауды күшейтуді міндеттеді. “Аудан әкімдеріне мектеп директорларымен кеңес өткізуді тапсырамын. Барлық мәселелерді қатаң бақылауда ұстаңыздар. Мектептерді арнайы күзетпен қамтамасыз ету қажет. Байқауларды жедел өткізіңіздер”, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp