«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанәлінің жарқын жеңісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласында жасөспірім­дер арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтті. Республикалық жа­рыста өңір намысын қорғаған Жанәлі Тұяқов жеңіс тұғырынан көрінді.

Солтүстікқазақстандық спортшы 109 килограмнан жоғары салмақта өнер көрсететін атлеттермен сайыс­қа түсті. Бұл санатта 6 спортшы ғана бақ сынады. Жерлесіміз намысты қолдан бермей, алтыннан алқа та­ғынды.

– Жұлқа көтеруде 145, серпе кө­те­ру жаттығуында 183 килограмдық зіл­темірді еңсердім. Жалпы жиын­тығы 328 ұпай жинадым. Бұған дейін­гі ре­кордым – 236 килограмм еді. Се­нім артып, жарысқа қосқан бапкеріме алғысым шексіз, – дейді Жанәлі Тұя­қов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp