«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғары жауапкершілік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылы іске қосылған Петропавл электротехникалық зауыты бүгінде 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Арасында басқа өңірлерден келіп, еңбек етіп жатқандар да аз емес. Кәсіпорынның басты өнімі – кернеу класы 6, 10, 35 кВ-тық трансформаторлар. Шығарылатын өнімдердің 98 пайызы экспортқа кетеді. Сұраныс жылдан-жылға артуда. Трансформаторлардың сыртқы қаңқасына дейін зауыттың іскер дәнекерлеушілері өздері жасайды. Бұл іске жауапты мамандардың бірі – Нұрлыбек Алдияров.

Нұрлыбек Айдарұлы жаңа зауыт ашылғаннан бері осында жұмыс істейді. Оңтүстіктен келіпті. Бұған дейін “Alageum Electric” холдингінің Кентау қаласындағы филиалында еңбек еткен. Жаңа зауытқа білікті мамандарды тарту туралы ұсынысты құп көріп, солтүстікті бетке алған. Еңбек өтілі – 20 жыл.

Нұрлыбек Айдарұлы еңбектен тартынбайды. Сегіз баласын асырау үшін жүктелген жұмысты артығымен орындап, табысын еселеп алады. Әкімшілік те оның жұмысқа деген жауапкершілігін жоғары бағалап отыр. Компания қызметкерлері үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқаны белгілі. Солардың біріне Алдияровтар отбасы ие болмақ.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp