«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Математиканың білікті маманы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Математиканың өте күрделі ғы­лым екені ерте заманда-ақ дәлел­денген. Оған кез келгеннің тісі бата бермейді. Дәл осы күндері де жер­гілікті жерлерде математиканың мың сан құпиясын шешуге құлшына кірісіп жатқандар аздау. Теңдеулер сырын ашу, ғылыми тұжырым жа­сау, озық бағдарламаларды шәкірт­теріне талмай үйрету, меңгерту шы­дамдылықты, табандылықты, те­рең білімді қажет етеді. Қиындығы мен қызығы алма-кезек келетін ты­нымсыз өмір ағысында саналы ғұ­мырын құпия қалтарысы мол пәнге арнағандардың бірі – математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Батжан Ищанова.

Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көк­ше­тау педагогикалық институтын тә­мамдаған соң, осы салада тал­май ең­бек етіп келеді. Жалпы педагоги­ка­лық өтілі қырық жылға жуық. Бү­гін­гі таңда Тайынша қаласындағы №1 орта мектептің білікті ма­те­ма­ти­гі саналады. Ұлағатты ұстаздың қа­жыр­лы қызметі еленіп, әртүрлі дә­ре­жедегі Құрмет грамоталарымен, дипломдармен марапатталды. Сон­дай-ақ адал еңбегі мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін об­лыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Батжан Мағзұмқызы өзіне де, оқушыларға да талап қоя біледі. Са­бақ берумен ғана шектеліп қоймай, “Сапалы білім беру – тәуелсіз Қа­зақстанның тұрақты дамуы” тақы­ры­бын індете зерттеп, ғылыми-әдістемелік конференцияларда, ал­қалы жиындарда баяндама жаса­ды. Бірнеше мақала жариялап, үш әдістемелік құрал бастырып шы­ғарды. Оқыту процесіне қатысты кез келген мәселеге шығармашы­лық ізденіспен қарау – қанына сің­ген әдеті. Ізденімпаз жанның шәкірттері Ресей мен Қазақстанның бе­делді жоғары оқу орындарын аяқ­тап, жемісті еңбек етіп жүр. Олар­дың арасында математика пәні бойынша халықаралық олимпиада­лардың жүлде­герлері де баршы­лық.

“Математика – тасқа түскен таң­бадай нақтылықты, дәлдікті сүйетін ғылым. Оның отымен кіріп, күлімен шы­ғып жүрген шәкірттеріммен мақ­танамын, олардың жетістіктерін ес­ті­генде шаршағанымды лезде ұмытып кетемін. Ұстаз мерейі деген – осы”, – дейді Батжан Мағзұмқызы.

Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

Тайынша қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp