«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУЛЫҚ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бостандық орта мектебінің мұға­лімі Ажар Балағанованың мақа­ла­сында айтылған қазақша оқулық­тар­ға қатысты жайт мені де қатты тол­ған­дырады. Осы мәселе қанша айты­лып, жазылып келе жатса да, нақты қорытынды шыққаны шамалы сияқ­ты. Өзімнің көп жылдық тәжіри­бем­нен көзімнің анық жеткені – оқу­лық оңбай оқудың оңбайтыны. Ірілі-ұсақ­ты қателер өріп жүретініне мұ­ға­лімдердің де еті әбден үйреніп кет­кен тәрізді. Осы ауанда әңгіме қоз­ғалса, “қойшы, соны айта бермей” дей­тін дә­режеге жеттік.

Шынында да, сапасыз жазылған қазақ тілі оқулығы бала ұғымына өте ауыр. Оқу материалдары оқушының жас ерекшелігіне сәйкестендіріл­ме­ген. Тақырып бойынша берілген тап­сырмалардың жүйелілігі мен бірізді­лігі сақтала бермейді. Сөйлем құры­лымдары мүлдем түсініксіз. 5-11 сы­ныптарға арналған қазақ тілі оқулы­ғын­да ережелер жоқ болса, пән не үшін оқытылады деген ой туады. Осы­ның салдарынан сабақты қалай тү­сін­діреріңді білмей дағдарасың. Әсі­ресе жас мамандарға ауыр соғады.

Аталған оқулықтың мазмұны ғаламтор, дұрыс тамақтану, Қазақстан­дағы ұлттар достығы, ғылыми фан­тастика сынды қазақ тілі мен әдебие­тіне үш қайнаса сорпасы қосылмай­тын тақырыптардан аяқ алып жүргі­сіз. Мысал үшін айта кетейін: “Дәрі­гердің қабылдауында”, “Дәрумен – денсаулық кепілі”, “Фастфудтың зия­ны”, “Алтынемел ұлттық саябағын­да”, “Табиғат – жаратылыс пернесі”, “Компютердің тілін табу – өнер”… .

Қазақ тілі пәні деп айтуға да ауыз бармайды. Бұдан 5-сынып оқушысы не түсінеді? Ұғымына лайықталып бе­рілсе, әңгіме бөлек. Олардың орны­на “Сөйлеу”, “Сөйлем”, “Сөз”, “Буын”, “Дыбыс”, тағы басқа грамматикалық тақырыптар берілсе, сабақты игеруге де, ұғымға да жеңіл болар еді.

“Аспан денелері”, “Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер”, “Шоқ­жұл­дыздар,” “Жұлдызды аспанның құ­пиясы” тақырыптарының қамты­луына қарап астрономия пәні ме деп қаласың. Қазақ тілі оқулығының маз­мұнымен қабыса бермейтін мұндай түйткілдер аз емес.

Ал орыс тілі оқулығын ашып қа­расаңыз, тиісті сабақтар мен ере­желер қаз-қалпында, орын-орнымен берілген.

Мәншүк САРМАНОВА,

Дмитриевка орта мектебінің мұғалімі.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp