«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМАТЫЛЫҚ СТУДЕНТТЕР — ҚЫЗЫЛЖАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығына Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 20 студенті келді. Болашақ әртістер алдағы 4 ай бойы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында тәжірибеден өтіп, дипломдық жұмыстарын қорғамақ.

– Қазір қазақ театрының ішкі тәр­тібі, шығармашылық жұмыстың ба­рысымен, актерлермен, труппамен танысып жатырмыз. Дипломдық спек­таклімізді алып келдік. Жазушы Мұхтар Әуезовтің “Қаракөз” және Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” қойылымдарын сахналамақпыз, – дейді өнер академиясының студенті Рүс­тем Арменұлы.

Бұл топқа есімі елімізге белгілі актер, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды жетек­ші­лік етеді.

Білім ордасы дуалдық оқыту жү­йесін енгізген. Бұл – қос тарап үшін де тиімді. Себебі жергілікті қазақ театрында кадр тапшылығы әлі де өзекті.

2000 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының бітіруші түлек­тері Петропавлға келіп, дәл осылай тәжірибеден өткен. Актерлер ол кез­де қара шаңырақтың ашылу салта­натына қатысыпты. 23 жыл бұрын да “Қарагөз” спектаклі сахналанған екен.

– Біздің болашақ актерлермен бірге жұмыс істеп, бір спектакль қою жоспарымызда бар. Алматыдан кел­ген өнерлі жастарға Қызылжар өңі­рін, осы киелі топырақта түлеген тұл­ғаларды таныстыруды мақсат етіп отырмыз. Олар сахнаның сырына қа­нық актерлерден сабақ алады. Егер “Қызылжарда қаламыз, осында ең­бек етеміз”, – десе қарсы емеспіз. Оларды қуана қабылдаймыз, есігі­міз айқара ашық, – дейді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма теат­рының көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров.

Студенттер арнайы жатын орын­да­рымен қамтамасыз етілген және оларға жалақы төленеді. Шә­кірттердің кураторы, актриса Баян Қажнабиеваның сөзінше, академия­да оқудың жөні басқа, театрда кәсіби мамандармен бірге жұмыс жасау­дың жауапкершілігі мүлдем бөлек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp