«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауған соғысының құрбандарын еске алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы ақпан айында Ауған­станнан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толды. Осыған орай ауған соғысының ардагерлері жат елде қаза тапқан сарбаздарға арналған ескерткіш маңына жинал­ды. Олар есімдері тақтайшаға жа­зылған қарулас достарының ерлікте­рін еске алып, ескерткішке гүлшоқтарын қойды.

1979 жылдың 25 желтоқсанында Кеңес өкіметі басшыларының, дарынсыз саясатының кесірінен Ауғанстанға әскер енгізіліп, ол 10 жыл бойы ешкімге пайдасыз соғыс жүргізді. Осы уақыт аралығын­да Ауғанстан аумағында 600 мыңнан артық кеңестік әскерилер болды. Оның 15 мыңнан артығы қаза тапты, 54 мыңға жуығы жараланды, 417-сі хабарсыз кетті. Соның ішінде соғысқа қатысқан 22 мыңнан астам қазақстандықтың 1 мыңға жуығы қаза болып, 2 мыңнан астамы мүге­дек болып қалды. Ал 21 қазақстан­дық із-түзсіз жоғалып кетті.

– Мен 1981 жылы қазан айында әскерге шақырылдым. Отан алдын­да­ғы азаматтық борышымды өтеу үшін Өскеменде бірнеше ай бойы әскери дайындықтан өткеннен кейін Ауған жеріне жіберілдім. Содан 1984 жылы елге оралдым. Ауыр азаптар мен жан түршігерлік жайттардың куә­гері болдық, қаншама есіл азаматтар қыршынынан қиылды ондай сұмдықты енді қайтып адамзат баласы­ның басына бермесе екен деп ті­леймін, – деді ауған соғысының ар­дагері Асхат Қоспанов.

Өкініштісі сол, интернационалдық борыштарын өтеп, өңірге оралған­дардың қатары жыл санап азайып барады. Қазір ауған жерінде болған жандардың 600-ден астамының ғана көзі тірі. “Бұл күн тек ардагерлер үшін ғана емес, барлық қазақстан­дық­тар үшін де маңызды деп ой­лаймын. Себебі сарбаздардың елге оралуын бүкіл халық күтті. Олардың бір бөлігі жақынынан айырылды, енді бірі баласының, әкесінің, жарының аман-есен келгеніне куә болды, – деді ауған соғысының ардагері Ерік Тәттібаев.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp