«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыспен қамтудағы былық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратура жұмыспен қамту мәселесімен айналысатын жергілікті атқарушы органды тексеріп, қорытындысын шығарды.

Прокуратураның баспасөз қыз­метінің мәліметінше, тексерістің қо­рытындысы ведомствоаралық ке­ңестің отырысында жария етілген. Оның барысында көптеген былықтың беті ашылды. Мәселен, қысқамерзімді оқыту, жұмысқа орналастыру қағаз жүзінде ұйымдастырыл­ған. Бизнес бастамаларды қолдау­ға бөлінген мақсатты гранттар игеріл­меген. Ал жұмыспен қамту орта­лық­тары өз ісіне салғырт қараған бағдарлама қатысушыларына қа­тысты шағымданбапты.

“Тексеру нәтижелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарының басшыларын қатаң тәртіптік жа­уап­кершілікке тарту және мемлекеттік бюджетке 38 млн. теңгені қай­тару туралы мәселе көтерілді. Заң бұ­зушылықтарды жою туралы қа­дағалау актілері енгізілді”, – де­лінген баспасөз хабарламасында.

Облыс прокурорлары өңір тұр­ғындарының әлеуметтік құқықта­рын қорғау мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp