Көмектесуге әзір

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы үш жылда коронавирус­тың кесірінен қаншама адам өмірден озды. Басымызға қиын­дық түскен сын сағатта дәрігер­лердің жұмысы қаншалықты қиын екенін түсіндік. Жастардың бұл салаға көп келе бермейтіні де сондықтан болар. Өткенде оңтүс­тік өңірден келген екі жас маманмен сөйлесіп, біраз жайға қанық­тым. Қаламыздағы №3 емханада Мұсаған есімді дәрігер жігітті жо­лықтырдым. Мақтарал ауданы, Қы­зылқұм елді мекенінде 1988 жылы туыпты. Бала кезінен дәрігер бо­луды армандаған екен. Қарағанды мемлекеттік медицина универси­тетіне оқуға түсіп, 2012 жылы оқуын бітіргеннен кейін бірден те­ріскейге тартқан. Осында отба­сын құрып, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған жайы бар. “Ең бастысы, ем іздеп келгендер тез жазылып, ау­рудың азабын тартпаса екен, бер­ген емімнен бөлек, әрқайсысына шын пейілмен жанашырлық танытамын. Емделушілерге де сол ке­рек. Қажет еткен жанға күн-түн демей көмек көрсетуге дайынмын”, – дейді Мұсаған Мүсірәлиев.

№2 қалалық емханада терапевт дәрігері болып қызмет ететін Гүлнәз Өтеміс те – шырайлы Шымкенттің тумасы. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина фауль­тетін бітірген. Сонда интерна­турада тағы екі жыл білімін толық­тыр­ған. Бірден солтүстік өңірге баруға шешім қабылдапты. Туған өңірінен жырақта жүргеніне еш өкінбейді. “Мұндағы аға-әпке, әріп­тестерімнің ыстық ықыласының арқасында тез үйреніп кеттім”, – дейді ол. Жақында тұрмысқа шы­ғып, жас отбасылардың қатарын толықтырды. “Береке” шағынау­данының тұрғындары Гүлнәздің жұмыста елгезектігіне және кіші­пейілдігіне риза. Олар: “Жас дәрігер келгелі ем-домды уақытында аламыз, нағыз адам жанының жанашыры”, – дейді.

Мұсаған мен Гүлнәз сынды ма­мандар, расымен де, өңірміз үшін ауадай қажет. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер әлі де жетіспей жатқанын білемін. Сондықтан солтүстікті суық деп жүрексінбей, білікті мамандар көптеп келсе екен деймін.

Далабай ҚАБДУАЛИЕВ,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp