«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тергеу жүргізілуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев аудандық по­лиция бөліміне Булаево қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыз­дың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті “зорлау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Көп ұзамай полиция қызмет­керлері Булаево қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уа­қытта күдікті уақытша ұстау изолято­рында отыр.

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілу­де, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабыл­данатын болады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етіл­мейді.

Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев ау­дандық полиция бөліміне бірнеше адамнан мектеп оқушысының сы­ныптастарын пышақпен қорқытқан­дығы туралы арыз-шағымдар түс­кен. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша да полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp