«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерсіннің ерлігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл оқиға 10 ақпан күні болды. Сағат 18.00 шамаларында “Алматы-Петропавл” бағытында жүретін жүр­дек пойзыбен кезекті іссапардан келе жатқан №6637 әскери бөлімінің офицері Ерсін Жантурин вагондар­дың бірінен қыздың көмекке шақыр­ған даусын естиді. Дауыс шыққан купеге жақындаса, есігін әлдебіреу ішінен жауып алғанын байқайды. Бар күшімен есікті жұлқып ашып, ішке кірсе екі адам ғана екен. Қо­рыққан қыз бұрышқа тығылып қалға­нын көреді, ер адамның жаман ойы барын бірден аңғарады. Бойжеткен­нің сөзінше, ол қызды зорламақ болған.

– Вагон-ресторанда тамақтанып, өз купеме бара жатқанда әйел адам­ның даусы естілді. Есікті ашқаным сол, бейтаныс ер адамның жас қызға төніп тұрғанын көрдім. Елемей өтіп кеткенде не болар еді? Сондық­тан шалт қимылдап, бірден қолын қа­йырдым, – дейді майор Ерсін Жантурин.

Тексеру барысында бойжеткеннің жігітті мүлдем танымайтыны, ер адамның жәбірле­нушіні зорламақшы ниеті болғаны анықталды. Осы оқиға бойынша Қылмыстық ко­декстің 121-бабы 1-тармағына сай қарсы жақтың дәрменсіз күйін пайда­ланып, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы және өзге де әрекеттері үшін қылмыстық іс қозғалғанын айта кеткен жөн.

Бахыт СӘДУАҚАСОВ,

№6637 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі аға көмекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp