«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Анастасияда – үш алтын!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Павлодарда есту қабілеті на­шар жандар арасында шаңғы жа­рысынан ел біріншілігі өтті. Додаға қатысқан жерлесіміз Анастасия Со­ловьева үш бірдей алтын медальға қол жеткізді.

“Үміт” клубының мүшесі Анаста­сия Соловьева шаңғы жарысын­дағы 5 шақырымдық сында қарсы­лас­та­рының алдын орап, мәре сы­зығын бі­рінші болып кесті. Екінші орын ақмо­лалық спортшы Елена Пу­тинцеваға, ал үшінші орын павло­дарлық Сәния Досымхановаға бұйырды.

Кейін жерлесіміз шаңғы жары­сының “классика” сынында 5 шақы­рымдық қашықтықта үздік атанды. Сондай-ақ 1200 метрде де Анас­тасияға тең келер ешкім болмады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp