«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бесаспап маман

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тимирязев ауданы бойынша электр желілерін тарату учаскесінің шебері Мәрлен Жолдыбаев – тәжірибесі толысқан, кәсіби шеберлігі жоғары мамандардың қатарында. Ол Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп келгеннен кейін электр тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтер болып жұмысқа орналасқан, содан бері уақытпен санаспастан еңбек етіп, өз мамандығының үздігі атанды.

Бұл саладағы жалпы жұмыс өтілі – 13 жыл. Ол өндіріс шебері ретінде бекітілген учаскеде электр құралдарының үзіліссіз істеп тұруын қамтамасыз етіп, еңбек қауіпсіздігін қадағалау, ағымдағы және күрделі жөндеулер мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру міндеттерін атқарады. Техникалық және ұйымдық шараларды орындау барысында тосын оқиғалар мен апатты жағдайлар, басқа кедергілер кезікпей қоймайды. Осындай кезде жылдам шешім қабылдап, кемшіліктерді жоюда жауапкершілік таныту – оның бойына сіңген қасиет.

– Электр желісін тарату компаниясы қызметкерлерінің қауырт жұмысы көбіне-көп көзге көрініп, аса елене бермегенімен, жарық өшіп қалған сәтте еске алушылар бірден көбейеді. Оған ренжімейміз де. Электр қуатымен үздіксіз қамтуды басты борышымыз санаймыз. Халықтың алғысын ең жоғары марапат ретінде қабылдаймыз, – дейді өз ісінің шебері.

Мәрлен Жолдыбаев қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады, бәріне үлгеруге тырысады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp